Қызылорда облысының 117 мыңнан астам тұрғыны тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілген

Спикер 2022 жылдың қорытындысы бойынша 7,5 млрд теңгеге 181 170 пациент (623 663 рецепт), 2021 жылы 6 млрд теңгеден астам сомаға 184 210 пациент (631 795 рецепт) тегін дәрі-дәрмекпен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілгенін атап өтті.
«2024 жылға ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бюджеттік өтінім 9,7 млрд теңгеден астам соманы құрады. Қазіргі уақытта алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарынан қосымша өтінімдер жинау жүргізілуде. Біз медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейміз және пациенттердің құқықтарын сақтау үшін барлығы жасалуда», - деп атап өтті Никита Мясцов.
Амбулаториялық қамтамасыз ету жөніндегі бұйрыққа сәйкес (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100023885) амбулаториялық науқастарды, оның ішінде ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде балаларды қамтамасыз ету үшін емханалардың дәріханаларында барлық қажетті дәрілік заттар (антибиотиктер, антипиретиктер, құрамында темір бар препараттар, сондай-ақ басқа да ерекше препараттар және т. б.) бар екені атап өтілді.
Қажет болған жағдайда пациенттер тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін СК-Фармацияның байланыс орталығына 1439 қысқа нөмірі арқылы хабарласа алады. Қоңырау шалу тегін.