Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 30 маусымда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ҚР аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталь бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады. Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста, республиканың орталығында күн райы жауын-шашынсыз болады. Елдің басым бөлігінде жел күшейіп, елдің солтүстік-шығысында, шығысында - бұршақ, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең - тұман, оңтүстік-батысында – күндіз шаңды дауыл сақталады.

Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Қызылорда облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 маусым 2023 ж. 286 0