Абыройы артқан «айбындықтар»

Бір аптаға жалғасқан жарыста жыл сайын жүлделі орынды еншілеп жүрген қызылордалық өрендер биыл да биіктен көрініп, командалық есепте «Сыр айбыны» құрама командасы бірінші орынға ие болды. Командаға аралдық, №13 орта мектептің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Өтегенов Ақылбек және қызылордалық №5 мектеп-лицей АӘД пән мұғалімі Валиев Вахит жетекшілік етті.
Команда құрамында аралдық өрендержеңіс тұғырынан көрініп, аудан мерейін асқақтатты. Олар: №231 орта мектеп оқушысы Аманқұлов Мейірбек Қадыржанұлы, №2 облыстық мамандандырылған мектеп-лицей интернатының оқушылары Қайырлаев Берекет Нұрланұлы мен Мырзабекова Аяулым Балтабайқызы және №57 орта мектеп оқушысы Сауренова Диана Нұрбекқызы. Айта кетерлігі, аралдық жастардың осындай жетістікке жетуінде өскелең ұрпақты отаншылдыққа тәрбиелеп, биік мақсаттарға жетелеу жолында қажырлы еңбек еткен аудан мектептеріндегі алғашқы әскери дайындық пәні оқытушыларының үлесі зор, еңбегі өлшеусіз.
Жеңімпаз жас сарбаздарымыз Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жеңіс құтты болсын, жас өрендер, алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектестпіз!
«Толқын» ақпарат