Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сыр айбыны» құрама командасы І орын алды

«Сыр айбыны» құрама командасы І орын алды

Қарағанды облысындағы Спасск оқу орталығында 17-23 маусым күндері «Айбын» IX халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтті.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін сайысқа еліміздің 20 өңірі мен Өзбекстан, Әзірбайжан мемлекетінен әскери дайындығы мықты командалар қатысып, бақтарын сынады.

Мықтылар бас қосқан жиында Қызылорда облысының атынан «Сыр айбыны» құрама командасы қатысып, аймақ намысын қорғады. Онда жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де сынға салды.

Бір аптаға жалғасқан жарыста жыл сайын жүлделі орынды қанжығаларына байлайтын қызылордалық өрендер биыл да ұстаздарының мерейін өсіріп, командалық есепте «Сыр айбыны» құрама командасы І орынға ие болды.

kyzylorda-news.kz
22 маусым 2023 ж. 282 0