Алдағы күндері жаңбыр жауып, артынша күн қатты ыси бастайды

"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
"Алдағы күндері еліміз бойынша жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.
Тек батыс өңірлерде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Сондай-ақ батыста күндізгі ауа температурасы біртіндеп +33+39°С дейін жоғарылайды.
Ал республиканың қалған бөлігінде ауа температурасы:
солтүстік-батыста және орталықта +25+35°С дейін;
солтүстікте +25+30°С дейін;
шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін; оңтүстікте +25+38°С дейін болады.