Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазғы кезеңде бала қауіпсіздігін сақтайық!

Жазғы кезеңде бала қауіпсіздігін сақтайық!

Құрметті ата-аналар, «өрт, су – тілсіз жау» екені баршаңызға мәлім. Өрт оқиғаларына келсек, көптеген өрт оқиғалары балалардың отпен (сіріңкемен) ойнауынан орын алып отыр, яғни, ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру салдарынан.
Бұндай өрт оқиғалары өте қауіпті, балалардың жарақат алуына, кей кездерде балалар өліміне әкеп соқтыруы мүмкін.
«Сақтансаң сақтайды» деген ұғым бар, жалпы үйде жалғыз қалған бала не істейді деп ойлайсыз? Осы ұғымды сақтанған жөн.
Сондықтан балаларды тұрғын үйлерде ата-анасының қараусыз қалдырмаңыз;
Тоқ көздерін, электр қондырғыларын (телевизор, магнитофон, тоқ пештерін және т.б), газ плиталарын мұқият қарап, тоқ көздерінен ажырағандығына көз жеткізіңіз;
Отты белгіленген орындарда (арнайы темір жәшіктерде) жағу, отты қараусыз қалдырмаңыз;
Сыртта ойнап жүрген балаларға көңіл бөліңіз.
Су қауіпсіздігі бойынша қарапайым ереже талаптары:
Табиғатта демалу кезінде балаларды қараусыз қалдырмаңыз, жүзу білмесеңіз суға белден аса тереңдікке бармаңыз;
Белгіленбеген орындарда суға түсуге рұқсат бермеңіз;
Қатер туралы жалған дабыл бермеңіз, бір-біріңізді көзден таса етпеңіз.
Жоғарыда аталған өрт, су қауіпсіздігі ереже талаптарын сақтап, балаларыңызға насихаттап жүріңіз.
Ескертпе: Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің жұмыс барысында әлдебір келеңсіз жағдайларды байқасаңыз 8/72433/ 2-15-97 нөмірлі сенім телефонына немесе «101» ге хабарласыңыз.

Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі
04 шілде 2023 ж. 163 0