Не үшін баланы көлікте жалғыз қалдыруға болмайды?

Көлікте жалғыз қалған балаға мынадай қауіп төнуі мүмкін:
Ыстық көліктің ішінде аз уақыт қалғанның өзінде балаға күн тиюі мүмкін. Көлікті жаз мезгілінде көлеңкеге қойып кетсеңіз де, оның іші тез ысып кетеді. Сондықтан бала қатты шөлдейді, оның ағзасы сусызданады, бала қатты терлейді. Егер бала ыстық күні көлікте жалғыз өзі ұзақ уақыт қалып қойса, оның температурасы көтеріліп, жүрек соғысы жиіленіп, естен танып қалуы да мүмкін. Мұндай кезде жедел жәрдем көмегі қажет болады. Бұл кейде өлімге әкелуі мүмкін.
Автомобиль ішінде жалғыз қалған балалар қауіпсіздік белдігіне байланып және қылғынып қалуы мүмкін;
Көлік өртеніп немесе суға батып кетуі мүмкін;
Қылмыскерлер көлікті оның ішіндегі баламен бірге ұрлап кетуі мүмкін;
Бала машинаны оталдырып, орнынан қозғап жіберуі мүмкін.
Егер машина тұраққа дұрыс қойылмаған болса, бұл жол-көлік оқиғасы қаупін арттырады. Соның салдарынан бала зақым алуы мүмкін.