АҚШ-та көлікте қалып қойған бала қайтыс болды
Техас штатының Хьюстон қаласында 5 жасар бала қатты ыстықта көлікте қалып қойып, ауа жетпей қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, бала қайтыс болғанға дейін бірнеше сағат бойы үйінің жанындағы көліктің ішінде болған.
Дүйсенбіде Хьюстонда +39 градусқа дейін ауа температурасы көтерілген. Бұл 2011 жылдан бергі ең жоғары температура болды.
Ата-аналар баланың әпкесінің туған күнін атап өтуге дайындалып жүргенде баланың жоқ екенін байқаған.
Полицияның айтуынша бала өз отбасының көлігінен қалай шығатынын білген, алайда сол күні балақай жалға алынған көліктің ішінде болған. Ол көлікте балаларға арналған арнайы қауіпсіздік құлпы болмаған. «KidsAndCars.org..» Ұлттық коммерциялық емес ұйымның деректері бойынша, бұл АҚШ-тағы көлік ішінде қайтыс болған балаларға қатысты бесінші жағдай.