Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңізді өлкенің тынымсыз тіршілігі

Теңізді өлкенің тынымсыз тіршілігі

Тарихы тереңде жатқан теңіз тіршілігі көпке мәлім болар. Балық пен тұз өнімдерін басты шаруашылыққа айналдыра білген 40 мыңнан астам Арал халқы да уақыт өткен сайын түрлі сала бойынша даму үстінде. Қала көркі де кіріп, әсем қаланың біріне айналып келеді. Сонымен бірге ауыл мәселелері де басты назарға алынып, жол, су және жарық сынды мәселелер шешімін тауып, халық ризашылық білдіруде.

Өткен жылы ауданға 16,7 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылды, оның жартысынан астамы жеке сектордың қаражатын құрады (яғни 56,0 пайыз). Сондай-ақ «2021-2025 жылдарға арналған Индустриялық дамытудың тұжырымдамасы» аясында жалпы құны 168,7 миллиард теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1303 адамды жұмыспен қамтитын 9 жоба енгізілген болса,оның ішінде жалпы құны 3,6 миллиард теңге болатын 2 жоба іске қосылып, 268 азамат жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда, бірыңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 7,5 миллиард теңге болатын, іске қосылғанда 465 азаматты жұмыспен қамтитын 6 жобаны енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілу үстінде.

Сонымен қатар, биыл бюджет қаражатының өзінен 15,7 миллиард теңгеге жуық қаржыға 23 әлеуметтік және инженерлік-инфрақұрылым жобалары іске асырылады. Жеке сектор да аудан экономикасынан тыс қалмайды. Жалпы жыл ішінде 10,0 миллиардқа жуық қаржыға 14 жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз. Осы игі істердің арқасында соңғы 5 ай көлемінде ауданға
4,9 миллиард теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9 есеге артық болып отыр.
Ауданның биылғы жылғы нақтыланған бюджеті 18,4 миллиард теңгені құрап, ауданның барлық кірістері, трансферттерді қоса алғанда 2,3 миллиард теңгеге жетіп, 101,0% артық орындалды. Оның ішінде өз түсімдеріміз 753,1 миллион теңгені құрап, 4,5% артық орындалып отыр. Аудан бюджетінің 19,3% әлеуметтік салаға бағытталса, 64,5% тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылымды дамыту және абаттандыру жұмыстарына жұмсалуда.

Өткен 2022 жылы даму бюджеті 4,2 миллиард теңгені құраса, биылғы жылдың І тоқсанының өзінде ауданымыздың даму бюджеті 4 есеге артып, 15,7 миллиард теңгеге жетті. Оның ішінде атап өтер болсақ, аудандық бөлімдер арқылы 11,5 миллиард теңге, облыстық басқармалар арқылы 4,2 миллиард теңге. Сонымен қатар ауданның қордаланған мәселелерін шешуге бағытталған жалпы құны 39,3 миллиард теңгені құрайтын 58 жобаның жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, салалық министрліктерге жолданды. Тағы айта кетерлігі 10,1 миллиард теңгені құрайтын 17 жобаның сметалық құжаттары 43,0 миллион теңгеге демеушілік есебінен әзірленді.

Ауданның кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы да қарқынды дамып келеді

Ел экономикасын дамытушы күштердің бірі кәсіпкерлік саласы екендігі белгілі. Жалпы жыл басынан бері аудандағы өнеркәсіп орындары 10,3 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өсім 101,1% жеткен. Өндірілген өнеркәсіп өнімдерінің 72,0% өңдеу саласына тиесілі, сонымен бірге өңдеу өнеркәсібінің көлемі7,4 миллиард теңгені құраған. Бүгінгінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6654 бірлікті құрап (заңды тұлғалар – 275, дара кәсіпкер – 5093, шаруа қожалықтары - 1286), өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 42,4% өсім көрсеткен. Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6317 бірлікті құрап, 47,9% көбейген. Жалпы тіркелген субъектілердің ішінен жұмыс жасап тұрғандарының үлесі 94,9%.

Сондай-ақ, экономикалық белсенді халық саны 2022 жылдың қорытындысымен 29778 адамды құраса, оның 48%, яғни 14841 адамы шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылған. Олардан 2022 жылы 8,4 миллиард теңге көлемінде инвестиция түскен екен.

Мемлекеттен қолдау мол

Кәсіп бастаймын деген жанға мемлекет тарапынан да біршама мүмкіндктер қарастырылған. Иә, сүйікті ісін табыс көзіне айналдырып отырған азаматтар бүгінде сол кәсібінің несібесін көруде. Шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетуге барынша мүмкіндіктер қарастырылған. Өткен жылы аудан орталығында демеушілік есебінен Кәсіпкерлер үйі ашылып, бизнес өкілдеріне қолдау көрсететін мекемелер бір жерге шоғырландырылды. Сондай-ақ, бұрын шағын және орта бизнес субъектілерін несиелендірумен 1 ғана Халық банк филиалы айналысып келсе, бүгінгі күні тиісті қолдаулардың арқасында 4 екінші деңгейлі банктер бөлімшелері (Халық банк, Банк центр кредит, Евразиялық банк, Ноум кредит банк), 3 шағын несие ұйымдары (Арал ырысы НС, КМФ, Арнур кредит ШНҰ) қызмет көрсетуде. Кәсібін кеңейту мақсатында кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалар мен жалпы қаржы институттары арқылы 630,1 миллион теңгенің 73 жобасы несиелендірілген. Оның ішінде, «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы құны 112,9 миллион теңгені 22 жобасы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы құны 175,3 миллион теңгенің 28 жобасы, «Бизнестің жол картасы 2025» МБ арқылы 195 миллион тенгенің 11 жобасы, «Арал ырысы» несие серіктестігі арқылы құны 146,9 миллион теңгенің 12 жобасы. Сондай-ақ, жалпы құны 516,9 миллион теңгенің 32 жобасы мақұлданып отыр.

Ауыл шаруашылығында 2021 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған арнайы Жол картасы қабылданып, іске асырылып келеді. Сонымен қатар жол картасы аясында 3 бағытта (мал, егін, балық шаруашылығында) 792 миллион теңгенің 30 жобасы іске асырылып, 200-ге жуық адамды жаңа жұмыс орындарымен қамту жоспарланып отыр. Осы Жол картасы аясында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері 3,6 миллиард теңгенің ауылшаруашылығы өнімдері өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,5% өсімге жетті.

Егін шаруашылығы да жүйелі дамуда

Жол картасының екінші бағыты егін шаруашылығын дамыту болса, өткен жылмен салыстырғанда биылғы жылы аудандағы егіс көлемі 2 есеге ұлғайып, 1500 гектар жерге егіс орналастыру жоспарланған.
Сонымен бірге суды үнемдеу, тиімді пайдалану мақсатында ауданның шаруа қожалықтары подпленка, тамшылатып және жаңбырлатып суару әдістерін қолдануда. 76 гектар жерге түрлі егіс дақылдарын егуге ынталы 120-дан астам аудан тұрғындары анықталып, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді.

Қазіргі таңда С. Саяновтың сыйымдылығы 400 тоннаны құрайтын қоймасы жұмыс жасап жатыр, оған қоса сыйымдылығы 1000 тоннаны құрайтын қойманың құрылысы жүргізілуде.

Теңіз төскейіндегі балық шаруашылығы

Жол картасының бір бағыты ретінде балық шаруашылығын дамыту шаралары қарқынды жүруде. Қазіргі таңда ауданда балық өнімдерін өңдейтін жалпы қуаттылығы 24,0 мың тоннаны құрайтын 9 зауыт және қуаттылығы 1,8 мың тонна болатын 12 цех жұмыс жасауда. Салада 31 балықшылар бригадасы болса, оларда 1426 адам жұмыс атқарады.Балық аулау маусымына 3,4 мың тнбалық ауланып, 1,1 мың тонна балық өңделсе, оның 1,0 мың тоннаға жуығы экспортқа шығарылды. Сонымен қатар, балық өсіру жұмыстары қолға алынып, барлығы ауданда 7 тоған ашу жоспарланса, оның былтыр 3-і іске қосылып 13 адам жұмыспен қамтылған.
Сонымен бірге жеке кәсіпкер Есимов Аманкелдінің Жаңақұрылыс ауылдық округіндегі тоғанда балық өсіру жобасы. «Ақбөгет балық тоғаны көлі» Барлық жер көлемі 100 га, тоғанның көлемі 56 га, көл тоғанынан бөлек қолдан өсіретін 2 балық тоғаны бар. Жеке кәсіпкер Алматбаев Шалғынбай Орынбайұлының Қарақұм ауылдық округі, Ерімбетжаға елді мекеніндегі тоғанда балық өсіру жобасы. Тоғанның көлемі 10 мың шаршы метр, көл тоғанынан бөлек өсіретін 1 балық тоғаны бар. Сондай-ақ жеке кәсіпкер Каракулова Фариданың Бекбауыл ауылдық округіндегі қолдан балық өсіру тоғаны жобасы. Тоғанның көлемі 20 га. Қарашалаң елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Қ.Қарагенеев «Аймекен» өңірінен қолдан балық өсіру тоғанын құру бағытында жұмыстар жүргізуде.
Сонымен қоса, Қаратерең елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ә. Жанайбековке «Жарықкөл» өңірінен қолдан балық өсіру тоғанын құру бағытында жер учаскесі табысталып тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Бағаны тұрақтандыру басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте көтерген 8 бағытының ішіндегі қоғамдық саяси ахуалға әсер ететіні ол әрине – бағаны тұрақтандыру, инфляцияны тежеу шаралары болып отыр. Бұл жұмыстар ауданда күн тәртібінен түспейтін мәселелерге айналды. Аса маңызды 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг орнатылған, аудан көлемінде 1 коммуналдық базар, 9 әлеуметтік бұрыш пен 1 әлеуметтік дүкен жұмыс жасайды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 19 аса маңызды азық-түлік тауарларының 4-нің ғана бағасында өсім бар. Атап кетер болсақ, нан +6, пияз +44, қырыққабат +127, жұмыртқа +21.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы

«Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру мақсатында ауданнан бастапқы кезеңде пилоттық жоба есебінде 3 ауылдық округ (Аққұм, Қарақұм, Қаратерең) таңдалып, 880 миллион теңгенің 151 жобасы ұсынылған болса, кейін облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, жоғарыда аталған жобаларға қосымша барлық елді мекендер қамтылып, нәтижесінде аудан бойынша 3,9 миллиард теңгенің 542 жобасы ұсынылып отыр.

Мемлекеттік бағдарламалар ел игілігіне жарап келеді

Құрылыс саласында жыл басынан бері 211 миллион теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 5,7 есеге артық орындалды. Өткен 2022 жылдан өтпелі негізде 7 жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасын тауып, жаңадан 10 жоба 2023 жылы қолдау тапты.
Бүгінгі күнге елді мекендердің орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылу деңгейі 87% болса, жыл соңына дейін осы бағытта 3 жобаны іске асырып (Ақбасты, Көктем, Тоқабай, Абай), 2 елді мекенге (Құланды, Тастүбек) ауыз судың кешенді блок-модульдерін орнатып, индикаторлық көрсеткіш 95% дейін көтеріледі.
Электр желілерінің құрылысы саласында да 4 жоба (Жақсықылыш, Арал қаласының №5, №6, №8 мөлтек аудандары) және газдандыру саласында 2 жоба іске асырылып, Сексеуіл кенті мен Арал қаласының №4 мөлтек ауданы көгілдір отынға қосылады. Жоғарыда жасалатын жұмыстардың нәтижесінде Арал қаласынан 1193 тұрғынға және Жақсықылыш кентінен 311 тұрғынға жер телімі табысталады.

Көлік инфрақұрылымы жұмысы жандануда

Автомобиль жолдарын жақсарту мақсатында 2023 жылға барлығы – 4,4 миллиард теңге бөлінген. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық маңызы бар 10 бағыттағы жолдар орташа жөндеуден өткізілуде. Атап өтер болсақ, аудандық маңызы бар «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Жаңақұрылыс», «Қызылжар-Шөмішкөл», «Сазды елді мекеніне кіре беріс», «Бөген-Ақлақ», «Қаратерең – Жаңақұрылыс», «Қызылжар елді мекеніне кіре беріс», «Самара-Шымкент-Бекбауыл», «Аққұлақ елді мекеніне кіре беріс», «Самара-Шымкент-Жақсықылыш-Тоқабай-Абай», «Жаңақұрылыс-Бекарыстан би» жолдары. Жобалар пайдалануға берілгеннен кейін, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 64%-дан 80%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік туады екен.

Бүгінгі таңда «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Сексеуіл кентіндегі №231 мектептен темір жол өткеліне дейінгі (3,4 шқ) автожолы орташа жөндеуден өткізілсе, оған қоса Сексеуіл кентінде жалпы ұзындығы 5,5 шақырымды құрайтын 6 көшенің орташа жөндеу жұмыстары жалғасын табуда. Сондай-ақ, Аманөткел елді мекенінде ұзындығы 3,4 шақырым болатын 3 көше орташа жөндеуден өткізілген.
Моно және шағын қалаларды дамыту бағдарламасы аясында 5,55 шақырым болатын Арал қаласындағы 7 көшенің автожолының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, аудан бюджеті есебінен бөлінген 37,9 миллион теңгеге 1,8 шақырым болатын Бөген елді мекенінің көшелері орташа жөндеуден өткізілсе, 21,3 миллион теңгеге 4000 шаршы метрді құрайтын қала көшелерінің автожолдары ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатыр.

Жұмыссыздық мәселесі назарға алынған

Ауданда есепті мерзімде жұмыссыздық деңгейі
5,0% құраған. Қазіргі таңда экономикалық белсенді халық саны
29 778 адам, оның ішінде жұмыспен қамтылғаны 28 277 адам. Жұмыс іздеуші ретінде хабарласқан 2993 адамның 454-і тұрақты жұмысқа орналасқан екен. Сонымен бірге 5 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 90 жаңа жұмыс орындары ашылды.Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бергендер саны өткен жылмен салыстырғанда 33,5% азайған.

Білім саласында даму бар

Аудандағы жалпы орта білім беретін 50 мектепте 17 600 оқушы дәріс алады. Қазіргі таңда 60 мектепке дейінгі білім беру ұйымында 4239 бала тәрбиеленуде. 3-6 жас аралығындағы балалардың барлығы 100% мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен қамтылған. Ел Президентінің 2025 жылға дейін 3 аусымдық және апаттық жағдайдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасына сәйкес, 2023-2025 жылдар аралығында 11 мектептің құрылысын салу жоспарланса, оның 4-і «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынатын болады. Қалған 7 мектептің ішінен бірінші кезекте, жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, сараптамадан өткізілген Сапақ, Жалаңаш, Ақшатау елді мекендеріндегі 3 мектептің мәселесін шешуді қажет етеді. Сапақ, Жалаңаш мектептерінің жоба-сметалық құжаттары демеушілік есебінен, Ақшатау мектебінің құжаттары бюджет қаражаты есебінен әзірленген.

Алдағы уақытта Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын басым-бағыттар мен мемлекеттік, салалық бағдарламаларды жүзеге асыру және Арал ауданының әлеуметтік экономикалық дамуын қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси ахуалды сақтау, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын құру, салық базасын нығайту шараларын жалғастыру жұмыстары жалғасын табатын болады.

kyzylorda-news.kz
11 шілде 2023 ж. 183 0