Аудан әкімі қала тұрғындарымен кездесті

«Ауданда индустрия инновациялық даму мемлекетік бағдарламасының ІІІ-бесжылдығы аясында 9 жоба енгізіліп, оның 2-і іске асты. Қазіргі таңда жалпы құны 160 млрд.теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1352 адамды жұмыспен қамтитын 7 жоба жүзеге асырылуда.
Тағы оқыңыз: АУДАН ӘКІМІ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
Бұдан бөлек, биылдың өзінде біріңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 5 млрд 674 млн. теңге болатын, 5 жоба енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысандар іске қосылғанда 500-ге жуық жергілікті азамат жұмыспен қамтылатын болады», - деп жасалған жұмыстарды тізбектеп өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселе көтерілді. Түнгі жарық пен ауыз су ағысының төмендігі жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімі Серік Сермағамбетов су қысымын жақсарту үшін «Арал-Сарбұлақ» топтық су құбыры мекемесінің жауапты мамандарына тапсырма беріп, өзекті мәселені дереу арада шешуді тапсырды. Сондай-ақ көшені жарықтандыру бойынша, бұл жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқандығын жеткізді.
"Толқын" ақпаратБұдан бөлек, биылдың өзінде біріңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 5 млрд 674 млн. теңге болатын, 5 жоба енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Нысандар іске қосылғанда 500-ге жуық жергілікті азамат жұмыспен қамтылатын болады», - деп жасалған жұмыстарды тізбектеп өтті.