Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Балық аулау және аңшылық кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

Дәл осы мерзімде аудан көлемінде орналасқан өзен-көлдерде балық аулаушыларда, аңшылықта неғұрлым көбейе түседі. Өкінішке орай аңшылықтың соңына түсемін деп қауіпсіздік ережелерін мүлдем ұмытып жатады. Мұның соңы қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.
Жақсы демалыс қапалы салдарымен аяқталмау үшін мынадай қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Біріншіден, міндетті түрде туыстарыңызға жоспарыңыз және қай жерде болатыныңыз туралы ескертіп қойыңыз.
Екіншіден, балық аулайтын жерді қарап алыңыз, өзеннің жарлы жағасында және тәуліктің қараңғы мерзімінде ерекше абай болыңыз. Өзіңізбен бірге дәрі қорабын, қолшам және толық қуаты бар ұялы телефонды алуды ұмытпаңыз.
Ішімдік адамның шапшаңдығын, қауіп сезімін төмендететіні туралы есте сақтаңыз.
Жүзгіш құралдарда балық және аң аулаған кезде жазатайым оқиғаның болу мүмкіндігі бірнеше рет артады. Сондықтан қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет.
Қауіпсіз демалысты Сізге тек жарамды, ақаусыз қайық қана қамтамасыз етеді. Жүкті қайық аударылып кетпейтіндей орналастырыңыз.
Сондай-ақ зәкірге ерекше назар аударыңыз, дәлірек айтқанда, бекітілуіне, қажетті жағдай болғанда зәкірді оңай босату мүмкіншілігі болсын. Зәкір көтеруге айтарлықтай икемдік қажет, оны қайықтың ортасында тізеде отырып, ақырын көтеру керек. Тұрып көтерген кезде, ілініп қалған зәкірдің бекітуі үзіліп кетсе, тұрған адам қайықтан құлап кетуі ықтимал.
Қараңғы уақытта ерекше абай болуы қажет. Көл, өзен жағасының бойымен жүрер кезде қолыңызда таяқша болған дұрыс. Ол Сізге жолды зерттеу үшін қажет, сонымен бірге кез келген жағдайда құтқару жабдығының бірі болып қалар.
Қауіпсіздік шараларын ұмытпаңыз, тек сонда ғана Сіздің демалысыңыз ойдағыдай өтеді.
Ескертпе: Төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөмірі хабарласаңыз!
Арал ауданыныңТөтенше жағдайлар бөлімі
14 шілде 2023 ж. 251 0