Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неге кішкентай бала түнде жылап оянады?

Неге кішкентай бала түнде жылап оянады?

Әр отбасы басынан кешіретін проблемалардың бірі – сәбилерінің түнде оянып, жылауы. Тілі әлі шықпаған баланың не айтқысы келіп тұрғанын түсінбеген ата-ана қайта-қайта дәрігердің көмегіне жүгінеді.

Қарны ашса. Жаңа туған сәби әр 2-3 сағат сайын тамақтануы керек. Егер балаңыз түн ортасында оянып кетіп, жылап жатса, қарны ашып жатқан болуы мүмкін.

Жайсыз күй. Кішкентай бала түнде ұйықтап жатып ыстықтан, салқыннан немесе лас жаялықтан (памперс болуы да мүмкін), ыңғайсыз жатып қалғандықтан өзін жайсыз сезінеді. Содан да оянып, жылауы ғажап емес.

Ауру белгілері бар. Егер балада іш өту, мұрнынан су аға, жөтел секілді ауру белгілері болса да, ол түнде оянып, жылайды.

Қорқыныш немесе мазасыздық. Сәби жаңадан көшіп келген үйден, жаңа ортадан үрейленіп, күйзеліске түсуі мүмкін. Әрі бұл мазасыздық тудырады. Бұдан бөлек, түсінде көрген қорқынышты жайттары да бар. Күндіз түрлі жанрдағы мультфильм көрген баланың да ұйқысы тыныш болмайды.

Даму. Сәби де, өсіп келе жатқан кішкентай бала да дамудың түрлі кезеңінен өтеді. Осы кезде де оның түнде оянып, жылауы мүмкін. Мәселен, тістің шығуы, еңбектеп жүре бастауынан бастап аяғынан басқан сәттер де әсер етеді.

turkystan.kz
17 шілде 2023 ж. 240 0