Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық соты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысын қорытындылады

Арал аудандық соты 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмысын қорытындылады

Арал аудандық сотының төрағасы К.Садуақасова 2023 жылдың 6 айында сот әділдігін жүзеге асыруда атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді. Шараға жергілікті басылымдардың тілшілері қатысты.

Баспасөз мәслихатында К.Садуақасова 2023 жылдың 6-айында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап, есепті кезеңде 21 қылмыстық іс, 326 азаматтық іс, 448 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралғанын, азаматтық істер бойынша қаралған талап қоюлардың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, келісім-шарт қатынастарынан туындайтын даулар құрайтынын айтып өтті.
Сондай-ақ, есепті кезеңде 63 азаматтық істің өндірістен медиация тәртібімен тоқтатылғаны, 3 азаматтық істің партисипативтік рәсім тәртібімен, 3 азаматтық істің татуласу келісімдерін жасасумен аяқталғаны, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл татуластыру рәсімдері қолданылып аяқталған істердің ұлғайғаны айтылды.
Төраға құқық қолдану тәжірибесіндегі соңғы жаңашылдықтарға да тоқталып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген өзгерістер жайында да айтып өтті.
Бұдан соң, сот жұмысының басты бағыттарының бірі бұрыңғысынша сот жүйесі имиджін көтеру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету болып табылатынын айтып, осы бағыттағы жұмыстарды іске асыру мақсатында тұрақты түрде судьялар мен сот қызметкерлерінің сот қызметі туралы және өзге де өзекті тақырыптарда мақалалары жарияланып, ұдайы дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары және азаматтарды қабылдау шаралары өткізіліп жатқандығын әңгімелеп берді.
Шара соңында К.Садуақасова журналистердің қойған сауалдарына жауап беріп, баспасөз мәслихатына қатысқандары үшін оларға алғысын білдірді.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
21 шілде 2023 ж. 329 0