Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Сонымен қатар, үйді желдету кезінде баланың бақылауда екеніне көз жеткізініз. Балаларға балконға ересектердің қарауынсыз шығуына рұқсат бермеңіз. Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмаңыз, өйткені нәресте оянып, ашық терезеге көтерілуі мүмкін. Барлық жиһазды, соның ішінде төсектерді терезелерден жылжытыңыз. Бұл баланың терезеге шығуының алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ, бала терезені өз бетінше ашуды неғұрлым кеш үйренетін болса, оның пәтерде болуы соғұрлым қауіпсіз болады.
Баланы терезеге қарау немесе балконнан сыртқа қарау үшін аяқтың астына орындықты немесе басқа құрылғыны қоюға үйретпеңіз. Кейіннен, осылай әрекет ете отырып, құлап кетуі мүмкін.
Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі