Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада сотталған азаматтар жұмыс істеп, отбасына қаржылай көмек көрсетеді

Қызылордада сотталған азаматтар жұмыс істеп, отбасына қаржылай көмек көрсетеді

Қызылордада сотталған азаматтар жұмыс істеп, отбасына қаржылай көмек береді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы қылмыстық-атқару жүйесі депортаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтар мекемеге де, өзіне де пайдалы жұмыспен айналысады.

Солардың бірі Е. есімді азамат. Ол ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) 5 жылға бас бостандығынан айырылған. Қазір  жазасын өтеп жатқанына 2 жылға жуық уақыт болды. Ол мекеме аумағында ағаш ұстасы болып жұмыс істейді.

Жасап жатқан жұмысы арқылы 90 мыңға жуық айлық табыс тауып, отбасына жалақысын беріп отырады.

– Темірторда отырсам да мекеме аумағында ағаш ұстасы болып жұмыс жасаймын. Бұл жұмыс мен үшін өте маңызды. Жұмыс жасау арқылы артық ойлардан, артық эмоциялардан арылып, өзіме де, өзгеге де пайдалы уақыт өткіземін. Жасап жатқан жұмысымның нәтижесін көру мен үшін бақыт және мен өз жұмысыма адалмын әрі жақсы көремін. Жұмысымды сүйіп жасағаным мен үшін бостандыққа шығуға үлкен септігін тигізеді, – деді сотталған азамат.

Сондай-ақ, мекемедегі барлық жазасын өтеп жатқан азаматтарға дәмді тағам дайындап беретін аспаз да жұмыс істейді. Сотталған азаматтардың бірі азпаз болып еңбек етіп, қарындасына қаржылай көмек көрсетіп, ағалық борышын орындайды.

– Бостандықта жүргенде тағамдарды дәмді даярлайтынмын. Алайда шалыс басып, жаза бастым. Темірторда отырсам да өзімнің сүйікті жұмысымды тастамадым. Мекеме басшылығының қолдауымен қазір барлық өзім сияқты жазасын өтеушілерге дәмді тағам әзірлеймін. Жұмысыңды жақсы көріп жасасаң, жемісін көресің демекші, қазіргі таңда барлық азаматтардан жылы лебіз естіп жатырмын, – деді М. есімді жазасын өтеуші азамат.

Қазіргі таңда мекеме аумағында сантехниктер, электриктер, дәнекерлеушілер, тазалаушылар, асхана жұмысшылары, абаттандырушылар, құрылыс жөндеушілер, кір жуу машинистері жұмыс жасайды.

syrboyi.kz
30 шілде 2023 ж. 237 0