Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 31 шілдеге арналған ауа райы болжамы

31 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, тек республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысында күндіз 35-42 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 40°С қатты ыстық сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында, батыста, солтүстік-батыста, Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт қаупі жоғары. Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.
31 шілде 2023 ж. 271 0