Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мас күйде көлік жүргізген үш жүргізуші ұсталды

Қызылордада мас күйде көлік жүргізген үш жүргізуші ұсталды

Қызылордалық полицейлер демалыс күндері рейд барысында 395 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жұма және демалыс күндері қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді. Үш күндік күшейтілген рейд барысында 395 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Оның ішінде 3 жүргізуші мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін ұсталды. Мас күйінде көлік жүргізу деректері бойынша полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, тиісті шешім қабылдау үшін құжаттарды сотқа жолдады, - деді полиция басқармасынан.

Одан бөлек, жүргізушінің қауіпсіздік белдігін тақпаудың – 53, автокөлікті басқару кезінде телефонды пайдаланудың – 9, жаяу жүргіншілердің жүруіне басымдық бермеудің – 22, жаяу жүргіншінің жол ережесін бұзуының бір дерегі анықталды.

Фото: el.kz
02 тамыз 2023 ж. 87 0