3 тамыз, бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Атап айтқанда, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Абай, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде 35-40°С қатты ыстық күтіледі.
Күндіз Алматы облысында 40-42°С өте қатты ыстық болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығында, Атырау облысының солтүстігінде өрт тұтанудың жоғары қаупі сақталады.
Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанай, Ақтобе облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының батысы мен шығысында, Павлодар облысының онтүстігі мен шығысында, Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында өрт тұтанудың аса жоғары қаупі күтіледі.