Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланы мектепке дайындауға бөлінетін ақша: әр аймақта қанша теңгеден беріледі?

Баланы мектепке дайындауға бөлінетін ақша: әр аймақта қанша теңгеден беріледі?

Баланы мектепке дайындауға берілетін қаржылай көмек әр аймақтағы оқушыларға әртүрлі сома беріледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Киім мен мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін әрбір оқушыға төленетін төлем ең төменгі көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болмауы тиіс. 2023 жылы бұл көрсеткіш - 40 567 теңге.

Осыған байланысты әр аймақ бойынша ең көп қаржылай көмек Павлодар облысының оқушыларына беріледі - 47 300 теңге.  

Одан кейін Алматыда - 43 000 теңге. Астана мен Шымкенттегі оқушыларға 41 000 теңге берілсе, қалған өңірлерде 40 600 теңгеден беріледі. 
Еске салайық, биыл халықтың әлеуметтік осал топтарынан 400 мыңнан аса бала мектеп формасымен, мектепке қажет керек-жарақтарымен қамтамасыз етуге материалдық көмекпен қамтылатын болады.

Әр білім алушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға арналған қаражаттың ең төменгі мөлшері - 40 567 теңге. Барлық ақша аударымдары ата-аналардың карточкалық шоттары арқылы жүзеге асырылады.

Қаражат ата-аналарға балалармен бірге мектеп формасын, аяқкиімді, кеңсе тауарларын өздері таңдап алу үшін беріледі. 

Мұқтаж отбасыларға материалдық көмек көрсету және балаларды 100 пайыз қамтамасыз ету үшін жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қоры жұмыс істейді. Қордың атауы - "Жалпыға бірдей оқыту". Қор арқылы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетеді. Жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар қаржылай көмек алады. Оның ішінде Абай облысындағы апаттан қаза тапқан орманшылардың балалары бар.
04 тамыз 2023 ж. 345 0