«Күн суытады»: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы үш тәулікте елімізде ауа райы құбылмалы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Солтүстікте қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейеді.
Температуралық фонға келетін болсақ, солтүстікте ауа температурасы күндіз 20-25 жылуға дейін төмендейді деп болжанады.