Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігер үнемі аяқ-қолыңыздың мұздап жүруінің себебін айтты

Дәрігер үнемі аяқ-қолыңыздың мұздап жүруінің себебін айтты

Кей адамдардың үнемі қол-аяғы мұздап жүреді. Бұл гипотиреоз болуы мүмкін. Превентивті нутрициолог Сейтжанова Ақтоты Әуелбайқызы өзінің инстаграм парақшасында гипотиреоздың негізгі белгілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Дәрігер гипотиреоздың (қалқанша безі қызметінің төмендеуі ) ең басты белгілерін атап өтті:

    Депрессия;
    Терінің құрғақтығы;
    Бас ауруы;
    Әлсіздік, ештеңеге зауқы болмауы;
    Ұмытшақтық;
    Етеккір циклының бұзылуы;
    Гиперлипидемия;
    Жиі қайталанатын инфекциялар;
    Күн жылыда тоңып жүру;
    Шаштың сиреуі;
    Бұлшықеттегі ауырсыну сезімі;
    Дауыстың өзгеруі (жәй шығуы);
    Тез салмақ қосып алу.

    "Егер сізде осы белгілер басым болса, онда сізде гипотиреоз бар деген сөз", - деп жазды дәрігер.

Қалқанша безі гормондары – организмдегі әр клетканың митохондриалды зат алмасу процесінде өте маңызды рөл атқарады. Сол себепті оның қандай да бір гормоны жетіспесе, міндетті түрде ағзада жаңылыс туындап бастайды. Ең жиі кездесетін - адамның интеллектуалды, физикалық дамудың кешігуі, бедеулік, түсік және т.б.

Дәрігер Ақтоты Әуелбайқызы өздігінен диагноз қою және емделу қауіпті екенін ескертті.

    "Гипотиреозға шалдыққан адамның 95 %-ында – йод жетіспеушілігі анықталған. Бірақ ол гипотиреоз бар екен деп – өз бетінше йод препаратын қабылдауға болады деген нәрсе емес. Себебі жоғары дозировка немесе ұзақ уақыт бойы йод препараттарын қабылдау – зобқа әкелуі мүмкін. Сол үшін барлығы дәрігердің тағайындауымен болу керек", - деп жазды ол.
18 тамыз 2023 ж. 299 0