Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариядағы қайғылы оқиға: соңғы мәйіт табылды

Сырдариядағы қайғылы оқиға: соңғы мәйіт табылды

Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кеткен еді, оның ішінде 8-і - кәмелет жасқа толмағандар.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткенін, құтқарушылар он адамның мәйітін тапқанын хабарлаған едік.
Олардың екеуі - әйел, тоғызы - бала. Балалардың ең кішісі төрт жаста екен.
Кейінірек әлеуметтік желіде олардың суға шомылуға бармағаны, көпір сынып, адамдар содан кейін суға батқаны туралы ақпарат тарады. Алайда мұны Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Запаров растамады.

tengrinews.kz
24 тамыз 2023 ж. 184 0