Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі

Студенттердің стипендиясы 2025 жылға дейін екі есеге өседі. Яғни 26 мың теңгеден 52 мың теңгеге дейін. Соңғы 3 жылдың өзінде университетте оқитын студенттің оқу ақысы 420 мың теңгеден миллион теңгеге дейін өсті. Бұл шамамен 2,5 есе, - деді Дүйсенова.
Ол стипендияны төлеу автоматтандырылғанын атап өтті.
Стипендияны уақытында төлеу үшін ол Қаржы орталығы арқылы орталықтандырылған. Бұл процестің барлығы цифрландырылады. Ол университет пен министрліктің ақпараттық жүйелері арқылы жүзеге асырылады, - деп айтты Үкімет мүшесі форумда.
фото: halyq-uni.kz