27 тамызға арналған ауа райы болжамы
Синоптиктер 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, елімізде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, қатты жел соғады, бұршақ түседі деп болжанады. Еліміздің солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында тұман түссе, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары, Ақтөбе өңірінің орталығында, батысында, оңтүстігінде, Атырау облысының батысында, шығысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Маңғыстаудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында өрт қаупі жоғары болады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында өрт қаупі жоғары болады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жаңалықтарды Telegram каналымыздан оқыңыз
арнамызға жазылыңыз
Ауа райы
Соңғы жаңалықтар
27 тамызға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 21:10
Боксшы Жәнібек Әлімханұлы Голливудтағы жұлдыздар аллеясында есімін қалдырмақ
Спорт • Бүгін, 19:25
Тәжікстан Президентінің Қазақстанға жұмыс сапары аяқталды
Президент • Бүгін, 17:05
Елордада бірнеше көше жөндеуге жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:35
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Цифрлық үкімет кеңсесіне барды
Президент • Бүгін, 16:14
Мемлекет басшысы Эмомали Рахмонмен ауыл шаруашылық жәрмеңкесін аралап көрді