Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде кімдер мүлік салығынан босатылған

Елімізде кімдер мүлік салығынан босатылған

Ел тұрғындары 2022 жылдың мүлік салығын 2023 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі керек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағындағы: өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайлар, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, орынтұрақ орындары және өзге де құрылыстар, құрылысжайлар, үй-жайлар; жеке тұлғаларға меншік құқығында тиесілі жер учаскелері мүлік салығын салу объектісі болып саналады. Бюджетке салық төлеу жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей жүргізіледі. Яғни, 2022 жылдың мүлік салығын 2023 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеу қажет», - деп атап өтеді мемлекеттік кірістер комитетінен агенттіктің ресми сауалына орай.

Ведомствоның нақтылай түсуінше, егер бір жыл ішінде жылжымайтын мүлік меншік құқығында он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі айларының санына көбейту арқылы есептеледі.

Бұл ретте объектінің меншік құқығында болуының іс жүзіндегі кезеңі салықтық кезеңнің басынан бастап (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) немесе объектіге меншік құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай объектіге меншік құқығы берілген айдың 1-күніне дейін немесе салықтық кезеңнің соңына дейін (егер объект осындай күнге меншік құқығында болса) айқындалады.

Бiрнеше жеке тұлғаның ортақ үлестiк меншiгiндегi салық салу объектiсi үшiн салық олардың осы мүлiктегi үлесiне пропорционалды есептеледi.

Мына жеке тұлғалар мүлiк салығын төлемейді:

1) Кеңес Одағының батырлары, Социалистiк Еңбек ерлерi, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және «Отан» орденiмен наградталған адамдар – «Салық» Кодексінің 528-бабы 1) тармақшасында көрсетілген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде;

2) Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Екінші дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңес Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектігі бар адамдар:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

мүліктің барлық салық салу объектісінің жалпы құнынан республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1500 еселенген мөлшері шегінде;

3) жетім балалар және 18 жасқа толғанға дейінгі кезеңге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

4) бала кезінен мүгедектігі бар адамның, мүгедектігі бар баланың ата-анасының бірі:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, жеке үй (қосалқы) шаруашылығын жүргізу, бағбандық және саяжай құрылысы үшін берілген жер учаскелері бойынша;

гараждар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

5) «Батыр ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көпбалалы аналар, бөлек тұратын зейнеткерлер:

тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жер учаскелері бойынша;

үй жанындағы жер учаскелері бойынша;

барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде.

Салықтан бөлек тұратын зейнеткерлер деп заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген зейнеткерлер түсініледі.
28 тамыз 2023 ж. 142 0