Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік төлемдер бойынша ақпаратты банктердің қосымшалары арқылы алуға болады.

Әлеуметтік төлемдер бойынша ақпаратты банктердің қосымшалары арқылы алуға болады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияся» екінші деңгейлі банктермен бірлесіп Kaspi және Halyk Homebank мобильдік қосымшалары арқылы әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін жобаны жүзеге асырды.

Kaspi мобильді қосымшасында қажетті анықтаманы алу үшін «мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп , «цифрлық құжаттар» батырмасын басып, «анықтамалар» бөлімін таңдау қажет. Halyk Homebank мобильдік қосымшасында «мемлекеттік қызметтер» - «анықтамалар» бөліміне кіру арқылы қажетті ақпаратты білуге болады.
Анықтаманы цифрлық нұсқасында алынған және белсенді төлемдердің мөлшері туралы ақпарат алуға болады.Қызмет алушы анықтаманы көру барысында 2016 жылдан бастап кез келген кезеңді таңдай алады (ең жоғары кезең 3 жыл)
Айта кетейік, бұған дейін азаматтар тұрғылықты жері бойынша орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияся» КЕАҚ халыққа қызмет көрсету бойынша бөлімшелерінен қағаз жеткізгіш күйінде қажетті ақпараттарды алатын.
Банктердің мобильді қосымшалары арқылы қызмет алушылар жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат ала алады.
Н.Бимагамбетов,
ХҚК бойынша Арал аудандық бөлімі
28 тамыз 2023 ж. 329 0