Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Болашақ аналарға жақсы жаңалық

Болашақ аналарға жақсы жаңалық

Енді бала тууына байланысты және бір жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақыны алуға Halyk (Homebank) пен Kaspi.kz қосымшалары арқылы өтініш бере аласыз. Жәрдемақыны рәсімдеу үшін осы банктердің бірінің мобильді қосымшасында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бөліміне өтіп, тиісті қызметті таңдайсыз.
Ары қарай дербес деректердің дұрыс жазылғанын тексеріп, өтінішті растау қажет.
Өтінімді жібергеннен кейін сізге көрсетілетін қызметтің нәтижесі және тағайындалған төлем сомасы туралы PUSH-хабарламажәне SMS жіберіледі.
Қызмет тегін және оған бала туылғаннан кейін 1 жыл ішінде кез келген уақытта тапсырыс бере аласыз.
Бұған дейін жәрдемақыға өтінішті ХҚО, eGov.kz порталы немесе 1414 нөмірі бойынша SMS сервисі арқылы беруге болатын.
Жаңа қызмет пен жәрдемақыны рәсімдеу бұрынғыдан да оңай.

Еркін Ашықбаев,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
 коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша
филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша
Арал аудандық бөлімі басшысының орынбасары
05 қараша 2021 ж. 553 0