«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» - 2023: ТІЛЕПОВТЕР ЖАНҰЯСЫ - «ӨНЕРЛІ ОТБАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ
Елімізде отбасы мәртебесін және өнегелі құндылықтарды арттыруға бағытталған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Аталған байқаудың аудандық кезеңінде озық шыққан Тілеповтер отбасы облыстық кезеңде бақ сынап, байқаудың қорытынды кешінде «Өнерлі отбасы» номинациясымен марапатталды.
Салтанатты жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев конкурс жеңімпаздарын арнайы құттықтап, елімізде түп-тамырын ұлттық құндылықтардан алатын отбасы институтының орны ерекше екенін айтты. Бірлікті берік ұстанған, берекені еңбектен тапқан әулеттерге құрмет көрсетті.
Байнияз Тілепов 43 жыл бойы күш-жігерін аудан өнерін дамытуға арнаған мәдениет майталманы. Бүгінде «Тілеповтер» отбасылық ансамблі киелі қазақ өнерін жұртшылыққа дәріптеп, халқымыздың рухани байлығын арттыруға елеулі үлес қосып келеді. Жұбайы Мария апаймен бірге 5 бала, 14 немере тәрбиелеп, өсіруде. Өрісті еңбектерге толы өнермен өрілген Тілеповтер отбасының өмір жолы кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
"Толқын" ақпарат