Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Талант тұғырында Сыдықовтар

Талант тұғырында Сыдықовтар

Елімізде отбасы мәртебесін арттыруға және өнегелі құндылықтарды арттыруға бағытталған “Мерейлі отбасы” Ұлттық конкурсы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Аталған байқаудың аудандық кезеңінде озық шыққан Сыдықовтар отбасы облыстық кезеңде бақ сынаған болатын.

Бүгін облыстық байқаудың қорытынды кеші өтіп, үздік деп танылған отбасылар марапатталды.
Салтанатты жиынға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысып, жеңімпаз және жүлдегер атанған отбасыларды құттықтап, арнайы марапаттарын табыстады.

Жеті өнердің желкенін желбіреткен Сыдықовтар отбасы “Талант тұғыры” отбасы номинациясын иеленді. 1980 жылдан бері көпшілікке өнерімен танылып келе жатқан “Сыдықовтар жанұялық ансамблі” өнерсүйер қауымның мақтанышына айналған.

Белгілі күйші-композитор, ақын-жырау Мұрат Сыдықовтың шығармашылығы аймақ жұртшылығына етене таныс. Қазақ өнерінің ірі өкілдерінің бірі Мұрат Сыдықұлы әсем әндері мен күйлері, тағылымды терме-толғаулары арқылы халқымыздың рухани байлығына баға жетпес асыл қазыналарды қосты. Өрісті еңбектерге толы өнермен өрілген Сыдықовтар отбасының өмір жолы кейінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
degdar-news.kz
01 тамыз 2022 ж. 482 0