Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәстүрлі Жолдау ел болашағы үшін

Дәстүрлі Жолдау ел болашағы үшін

Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялады.Бүгінгі  жолдауда президент бірқатар ауқымды жоспарлармен міндеттерді тізбектеген болатын. Мемлекет басшысы өз жолдауында орта бизнес, көлік логистикасы, агроөнеркәсіп және де бірқатар салаларға жаңа серпілістер қажет екенін жеткізді. Сондай ақ, Президент еліміздің су шаруашылығын басқару жүйесіне түгел реформа жасалып, Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылатын болады деді.
Сонымен қатар, азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырды.
–Біз бұған дейін уәде бергеніміздей, Үкімет ең төменгі жалақы мөлшерін біртіндеп өсіре береді. Азаматтардың табысын арттыру үшін 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеге көтеруді тапсырамын. Осылайша, біз еңбекақының ең төменгі мөлшерін үш жыл ішінде екі есе көбейттік. Бұл шара 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізеді. Жалпы, еңбек нарығын жан-жақты дамыту үшін Үкімет қысқа мерзімде 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарды бекітуі керек. Жаңа экономикалық саясаттың қағидалары мен басымдықтарын нақты айқындаумен қатар, алдағы реформаларды сапалы әрі толық жүзеге асыру өте маңызды. Оның табысты болуы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігіне, жауапкершілігіне және саяси ерік-жігеріне тікелей байланысты, – деді мемлекет басшысы.
Жалпы алғанда, бүгінгіі Жолдау еліміздің алға қарай дамуына тың серпіліс беретін мақсаты айқын жоспарларға толы Жолдау болды деп санаймын. Осы жоспарларды елдің барша азаматтары болып бірігіп орындасақ, мемлекетіміздің дамуына өз септігімізді тигізетініміз анық.

Ержан САБЫРБАЙ,
"Жастар рухы" ЖҚ Арал ауданы бойынша бөлімше жетекшісі 
07 қыркүйек 2023 ж. 378 0