Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Микротолқынды пеште тамақ қыздыру зиян ба?

Микротолқынды пеште тамақ қыздыру зиян ба?

Микротолқынды пеш өткен ғасырдың елуінші жылдары тамақты қыздыру үшін және өнімдерді еріту үшін ойлап табылды. Ол ыңғайлы және жылдам. Одан бері қаншама жыл өтті, әлем бойынша өте көп пеш сатылды, бірақ адамдар әлі күнге дейін бұл құрылғының қауіпсіздігіне күмәнмен қарайды. Оның сәулеленуі денсаулыққа зиян ба және ол өнімдердің құрамындағы қоректік заттарды жоя ма?

Микротолқынды пеш қалай жұмыс істейді?

Микротолқынды пештер – электр энергиясын аса жоғары жиілілікті сәулеленуге айналдыратын асүй құрылғысы. Магнетронмен түзілетін аса жоғары жиілілікті сәулелену пештегі тамақтың молекулаларын ынталандырып, оларды қозғалуға және бір-бірімен кездесуге мәжбүрлейді. Соның есебінен температура көтеріліп, тамақ ысиды. Микротолқындар бірінші кезекте су молекулаларына әсер етеді, бірақ сондай-ақ ақуыз, май және көмірсулар бөліктерін де қыздыра алады.

"Сәулелену" сөзі қауіпті естіледі, сондықтан асүйде микротолқынды пештің болуы немесе болмауы жайлы даулар әлі күнге дейін бар. Алайда бұл атом бомбасы немесе ядролық апатпен ұқсастырылатын сәулелену түрі емес. Микротолқындар – электромагниттік немесе иондалмаған жиілікті жарықтық толқындар, басқаша айтқанда, химиялық түрлендіруді тудырмайтын толқындар. Ұялы телефон мен электр жарығы да аз қарқынды болса да, электромагниттік сәулелену шығарады. Қазіргі таңда сәулеленуден ешқайда қаша алмайтындықтан, олардан арасында демалып, әрқашан қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды.

Микротолқынды пештердің қорғаныш экрандары бар: олар сәулелену пештен шығартпайды. Сондықтан тамақ ысып жатқан кезде пештің есігіне тақалып қарап тұрудың қажеті жоқ. Сонымен қатар микротолқынды пешіңіздің жағдайына мән беріңіз. Егер ол ескі, бұзылған немесе есігі сынған болса, оны жаңасына ауыстырыңыз.

Микротолқындар өнімдерге қалай әсер етеді?

Микротолқындардың тамаққа әсері жайлы айтпас бұрын кез келген тамақты пісіру өнімдердің қоректік құндылығын төмендететінін білген жөн. Температура, уақыт және тамақты дайындау тәсілі өнімдердің құрамындағы дәрумендер мен пайдалы заттарды "өлтіреді".

Микротолқынды пеште тамақты аз қыздырсаңыз, ондағы өнімдер тамақты қарапайым плитаға қуырғаннан немесе қайнатқаннан гөрі қоректік заттарын көбірек сақтауы мүмкін. Әдетте микротолқынды пештегі температура 100°C градустан аспайды.

Микротолқынды пеште тамақты қалай қыздыру және пісіру керек?

Микротолқынды пешке пластикалық контейнердегі тамақты саларда кей пластмассалардың құрамында гормондарды бұзатын заттар барын ескерген жөн. Мысалы, бисфенол-А. Сондықтан пластикалық контейнерлерді микротолқынды пешке салмаңыз.

Сондай-ақ микротолқынды пешке сұйық тамақтарды қыздыру кезінде абай болыңыз. Оған жарылуы мүмкін өнімдерді салмаңыз. Мысалы, жұмыртқа.

Микротолқынды пештің сіз білмейтін 10 мүмкіндігі

massaget.kz



03 қыркүйек 2023 ж. 203 0