Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келер жылы асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы 7% өседі

Келер жылы асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы 7% өседі

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төленетін әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері артуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2024 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 7 пайызға арттыру жүргізілсін. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ ерте дегенде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Еске салайық, биыл қазақстандықтарға мүгедектігі және асыраушысынан айырылуына байланысты 228 млрд теңге төленді.
04 қыркүйек 2023 ж. 189 0