Сейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі. Барлық өңірде екпінді жел тұрады, солтүстікте, солтүстік-батыста – тұман, оңтүстікте шаңды дауыл болжанады.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Түркістан облыстарында өрт тұтану қаупі бар.