Жемқорлықты жеңуге жалпымыз жауаптымыз

Иә, расында солай. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат – мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау мен жазалаудың тиімділігін арттыру және сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінде қоғамдық қабылдаудан бас тартуға жағдай жасау міндеттерін жүзеге асыру бірінші кезекте тұруы қажет. Олай болмаған күнде парақорлық халық пен билік арасындағы сенімге сызат түсіріп, мемлекеттің бүтіндігіне кері әсерін тигізуі әбден мүмкін..
Осы қиындықтардың барлығын бағамдай білген ел Президенті Қ.Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қол астындағы адамдардың іс-әрекеттері үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігі туралы «Сыбайлас жемқорлық қылмысы орын алған мекеменің бірінші басшысының жауапкершілігі заңнамалық және нормативтік түрде реттелуі керек» деген болатын.
Бірақ бұл тек басшылардың жауапкершілігімен ғана шешілмейтін мәселе. Бұл – бүкіл халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасы негізінде түйіні тарқатылатын дүние. Сондықтан біздің әрбіріміз, елдің азаматтары жұмылған жұдырықтай болып жемқорлыққа жол бермесе, жең ұшынан жалғасқан бұл көрініс те қоғам сахнасынан ысырылып қала беретін болады.
Оразгүл ЕЛЕМЕСОВА,
Арал ауданы қазынашылық басқармасының бас маман – бас қазынашысы