Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сорпа тұзды болып кетсе не істеуге болады?

Сорпа тұзды болып кетсе не істеуге болады?

Тамақ тұзды болып кетпес үшін оның қайта-қайта дәмін көріп, оған тұзды біртіндеп салған дұрыс. Әсіресе, тұздалған еттен сорпа қайнатып жатырсаңыз, тұз қоспастан бұрын оның дәмін көру керек. Десе де, сорпаның тұзы көп болып кетсе, не істеуге болады?

Сорпаңыз тұзды болып кетсе, мына әдістерді байқап көріңіз:

1. Картоп қосыңыз. Егер сорпаңызға әлі картоп салмаған болсаңыз, картоп салып, 10 минуттан кейін сорпаның дәмін көріңіз. Себебі картоп артық тұзды өзіне сіңіріп алады. Егер картоп қосып қойған болсаңыз, сорпаға бірнеше бүтін картоп салып, кейін оны алып тастауға болады.

2. Күріш салыңыз. Күрішті дәкеге орап, сорпаға салуға болады. Әсіресе, арнайы кішкентай пакетте тұратын күріштер жақсы келеді. Себебі ол сорпаға шашылып кетейді.

3. Жұмыртқа салыңыз. Қайнап жатқан сорпаға шикі жұмыртқаны жарып салуға болады. Егер жұмыртқа сорпаға араласып кетеді деп қорықсаңыз, оны сүзекінің үстіне салып, сорпаға батырып, ол піскенше ұстап тұрыңыз. Жұмыртқа өзіне артық тұзды сіңіріп алады.

4. Жартысын төгіп, үстіне су құйыңыз.
Егер сорпа дайын болса, бірақ ол әлі тұзды болса, аздап сорпасып басқа ыдысқа құйып алып, орнын сумен толтырасыз.

5. Сорпаны қаймақпен ұсыныңыз. Тұзды сорпаны қаймақпен және аскөкпен ұсынсаңыз, олар аздап тұзды дәмді басады.

massaget.kz
15 қыркүйек 2023 ж. 233 0