Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

Ел мен жердің, халықтың байлығы да, атақ-даңқы да ел қадірлейтін парасатты ардагерлерімізбен өлшенетіні ақиқат. Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгілерге ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас бола білген ардагерлеріміздің орны ерекше. «Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінде аянбай еңбек етіп, абырой биігінен көріне білген Жанаев Мұрат Жаңғазыұлы, Ерекеев Абутали Дошайұлы, Жұбатов Өмірзақ, Абекенова Даража Дайрабайқызы және Нұрекешова Сәнімкүл сынды зейнеткер ардагерлеріміздің орны ерекше. 1997 жылы «Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы» болып құрылғаннан бері халыққа қызмет көрсетуді мақсат етіп, зейнеткерлікке дейін тынбай етіп келді. Еңбек еткен жылдарында халыққа құрметті, іздерінен ерген ұрпаққа үлгі бола білді. Тәуелсіз еліміздің  көк аспаны астында әрбір сәті мың жылдыққа татырлық оқиғалар орын алғаны анық. Мұның бәрі кешегі күннің риясыз шындығы. Егемен еліміздің тәуелсіз тұғырын берік бекітіп, әлемдік өркениеттің алдыңғы қатарына қосу баршамыз үшін зор мәртебе. 1 қазан – қарттар мерекесі күні ардагерлерімізді ұлықтап, аудан әкімі С.Сермағамбетовтің құттықтау хаты және  бөлім басшысы Е.Ашықбаевтың құттықтау хаттары табысталып, сый-құрмет жасалды. Сонымен қатар Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Арал аудандық бөлімінде ардагерлер қабырғасы ілініп, мерекелік көңіл күй сыйланды. Өз еңбек жолдарында аянбай еңбек етіп, қандайда қиындықтан шығар жол тауып, өлшеусіз өмірін халқына арнаған ардагерлеріміздің өмір жолдары бізге өнеге.
Асылхан АМАНОВ,
«Азаматтарға арналған үкімет» МК КеАҚ
 әлеуметтік қамсыздандыру бойынша
 Арал аудандық бөлімінің бас маманы

01 қазан 2023 ж. 278 0