Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЖЗҚ электрондық, автоматты және күндізгі форматта қызмет көрсетеді

БЖЗҚ электрондық, автоматты және күндізгі форматта қызмет көрсетеді

Сізге қай формат ыңғайлы?

2023 жылдың 8 айында (01.01.2023ж. бастап 31.08.2023ж. дейінгі кезеңде) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшылары мен алушыларына 16,8 млн-нан астам қызмет көрсетті. Оның 11,6 млн-нан астамы (69,2%) - электрондық форматта, 3,8 млн (22,61%) - автоматты түрде, 500 мыңнан астамы (2,97%)- қашықтық форматтағы консультациялар түрінде болды. Осылайша, қызметтердің 94% астамы БЖЗҚ кеңсесіне бармай-ақ көрсетіледі.
Ең сұранысқа ие қызмет жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмелер алу болып қала береді. Салымшылар мен алушылар ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат алу үшін 15,4 млн-нан астам рет жүгінді. Үзінді көшірмелердің басым бөлігі электронды түрде, яғни 11,6 млн - нан астам рет берілді. Қор кеңселеріне жеке өтінішпен келген кезде 405,8 мыңға жуық үзінді көшірме беріліп, 43 мыңнан астамы барып қызмет көрсету арқылы жүзеге асырылды.
Жыл басынан бері 8 ай ішінде алғашқы жарна түскен кезде жарналардың барлық түрлері бойынша автоматты режимде 230,3 мыңнан астам жеке зейнетақы шоттары ашылды.
Зейнетақы жинақтарын төлеуге 146,0 мыңға жуық өтініш берілді. Олардың форматтары әртүрлі болды. Автоматты режимде 72,2 мыңнан астам өтініш түсті. Олар – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы түскен зейнет жасына толуға байланысты төлемдерге өтініштер. Ал БЖЗҚ кеңселерінде 73,5 мыңға жуық өтініш беріліп, 213 өтініш Қор сайтындағы Жеке кабинет арқылы электронды түрде түсті. Атап кетейік, ерікті зейнетақы жарналары, сондай-ақ, жарналардың барлық түрлері бойынша тұрақты тұруға кетуге байланысты, мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектік жағдайында жерлеуге және мұрагерлікке арналған төлемдерге өтініш беру үшін БЖЗҚ-ға тікелей жүгіну қажет.
Деректемелерді өзгертуге берілген 223 мыңнан астам өтініш өңделді. Бұл мәселеде қазақстандықтар бетпе-бет жүгінгенді артық көреді. Тікелей Қор кеңселеріне 175,4 мың адам жүгінді, 30 мыңға жуық адамға барып қызмет көрсетілді, 3,9 мыңнан астам адам өз деректемелерін Қордың ұлттық пошта операторымен жасаған трансфер-агенттік шарты шеңберінде "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінде өзгертті. Бұл қызмет enpf.kz. сайтындағы Жеке кабинет арқылы 13,7 мың рет сұранысқа ие болды
Жоғарыда келтірілген статистикадан көріп отырғанымыздай, қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігіне қарамастан, Қор мамандарына жеке жүгінуді қалайтын салымшылар әлі де бар. Қазақстан бойынша БЖЗҚ бөлімшелерінде күндізгі қызмет көрсету арқылы салымшылар мен алушыларға 2023 жылдың 8 айында 877 мыңнан астам қызмет көрсетілді (қызметтердің жалпы көлемінің 5,21%), оның ішінде тікелей Қордың қызмет көрсету кеңселерінде – 771 мыңнан астам қызмет, барып қызмет көрсету барысында – 100,9 мыңнан астам қызмет көрсетілді.
БЖЗҚ кері байланыс арналары бойынша жарты миллионнан астам өтінішті өңдеді: БЖЗҚ байланыс орталығы (1418 телефоны бойынша), enpf.kz сайтындағы кері байланыс бөлімі , Басқарма төрағасының блогы, әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы.
"БЖЗҚ" АҚ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына да жіті көңіл бөледі. Өткізілген көшпелі тұсаукесерлербойынша іс-шара саны 23 461, оған 501 мыңнан астам адам қатысты. БЖЗҚ ақпараты бойынша БАҚ-та орналастырылған түрлі жарияланымдар мен бейнематериалдардың саны 29 615 болды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

"БЗЖҚ" АҚ баспасөз орталығы 
03 қазан 2023 ж. 205 0