Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстазым – мақтанышым

Ұстазым – мақтанышым

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы деген дана халқымыз. Нағыз ұстаз болу-бақыт әрі аброй. Ұстаздың бейнесі біздер үшін адамгершіліктің ең жоғарғы үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны-әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз-бұл қасиетті мамандық иесі.
Менің ұстазым - Ғалия Мырзағұлқызы. Ол – ұлағатты ұстаз. Өйткені болашақ буындарды оқыту мен тәрбиелеу ісіне арнап келеді. Мейірімді, кішіпейіл, ақ жарын жан. Ғалия апайдың кішіпейілдік қасиеті маған ұнайды. Кішіпейіл мінезімен бәрімізді бауырына баурап алатын жанның орны мен үшін қашан да ерекше.
-Ұстазымның тағы бір жақсы қасиеті ұқыптылығы. Сабақ барысында жүріп, тұруы, салмақтылығы, ұстамдылығы, сабырлығы менің жанымды баурап алады. Ұстазымның сол қасиетін бойыма сіңіргім келеді.
– Ғалия Мырзағұлқызы-күнделікті бізге сабақ бергенде, яғни оқу үрдісінде оқушылармен қарым-қатынаста жүрек жылуына толы және үйлесімділік кұрған ұстаз. Апайымның әр бір сөзін көкірегіме құйып алғым келетін. Ғалия апай өз ісінің асқан шебері. Себебі, бізге сабақта түрлі тапсырмаларды түсінбеген қиын кезеңдерде қол ұшын созудан шаршаған емес және шаршамайды да.
-Сыныптан тыс тапсырмалар беріп, кітапханаларға барып шығармашылығымызды шындауды, өз бетінше ізденуді, еңбектенуді үйретті.
Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған ұстазының аяулы бейнесі көкірек көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, Ғалия Мырзағұлқызындай асыл ұстаз - баланы адам қылып тәрбилеп, күлімдеген, күнім деген, сенің жүрегіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға. Ғалия апайымдай үлкен тұлға болып қалыптасып, өз еліме үлесімді қосқым келеді.
Ғалия апай бәріне үлгі дер ем,
Өйткені орны бөлек өзгелерден.
Ұстазым еш жалықпай білім беріп,
Көңілге нұр, өмірлік азық берген, - деген өлең жолдарымен ұстазымның алдында басымды иемін.
Мерей ШӘКІРАТ,
№14 мектеп-лицейдің 11 "А" сынып оқушысы
03 қазан 2023 ж. 329 0