Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Еңбектен бақытын тапқан

Еңбектен бақытын тапқан

Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз!  Соның ішінде алғаш «Әліппенің» бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан-дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады.
Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдыма ақжарқын мінезді, кең пейілді, жылы жүз­ді бейнесі көрініп, мені қиялға баты­рып, еріксіз нұр­лы естеліктерге жетелей жөнеледі. Саналы ғұмы­ры­ның ба­сым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесі­не арнаған, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Ойланбас апайдың орны ерекше. Апай еңбек жолын 1973 жылы алғаш №213 сегіз жылдық мектепте бастап, 40 жылға жуық әр үйдің балапанын баптады. Мектеп табалдырығын атта­ғанда, әрқайсымызды өз баласындай мәпелеп құшағын жая қарсы алған Ойлан­бас апай болатын.
Иә, ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгер­шіліктің ең жоғары үлгісі. Мұ­ғалімнің әрдайым жақсы сөз­дер­мен баланы қуантуы, көңілін көтеруі, сезімін оятуы оның өмірге деген бел­сенділігін арттырады. Осындай қасиет­тердің бәрі апайдың бойынан табы­лады.
Апайдың әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құя­тын қуатын отбасынан да көруге болады. Ұстазы­мыздың жол­дасы Жаппарберді Нұрмағам­бетов қырық жыл бойы кеме жөндеу зауы­тын­да кеме құрастырушы болып абы­рой­лы еңбек етті. «Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» демекші, бала­лары анасының жолымен ұстаз­дық жол­ды таңдаған. Тұңғышы Ай­ман – Ақмолада 15 жыл мектеп дирек­торы, бүгінде Астана қаласында бас­тауыш сыныптың мұғалімі болып, ал Ақмола облысының Аршалы ауда­нын­да Күнсұлуы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып еңбек етеді. Ал Таужаны, Дәу­леті, Шолпаны – түрлі саланың тізгінін ұстап, өмірден өз жолын тапқан.
Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрі­мен сусын­датып келген білік­ті ұстаз мектепте 25 жыл кәсіп­одақ ұйымының төрайымы бо­лып, мектептің ішкі жұмысына да бел­сене ара­ласты. Сол үшін де «Білім және ғылым қызмет­керлерінің кәсіп­одағына сіңірген еңбегі үшін» медалін иеленген. Әлі күнге дейін отбасының, шәкірттерінің тілеуін тілеп, бала-ша­ға­сының ортасында, берекелі отба­сында ақ жаулықты ана атанып отыр­ған жайы бар.
Әр уақытта шашын жоғары түйіп жүретін Ойланбас апай қазір самайы­на ақ түсіп, егде тартқанымен, кездесе қалған сәтте әлі күнге мейірімге толы көздері­мен ауыл оқушыларын күлім­деп қарсы алып тұрады.
Өзінің ұзақ жылғы еңбегінің сыры жөнінде Ойланбас апай:
– Ұстаз болуды жүректің батыр­лығы деп бағалауға болады. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғалам­ға ұшы­рады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейсің. Өз балаң­нан кем көрмей­сің. Шәкіртіңнің жетіс­тігіне балаша қуана­сың. Сол үшін әр­бір бойыңдағы асыл қасиет­теріңді шәкірт­теріне сіңіріп, адалынан тер төгесің, – дейді.
Иә, Ойланбас Ембергенова – ба­қытын ең­бек­тен тапқан жан. Осын­дай ұстазы бар адам әркез бақыт­ты. Әрбір шәкірттің өзі сүйген, жыл­дар бойы тәлім алған ұстазының бей­несі көкірек көрігінде, жүрек түбін­де сақталуы заң­дылық. Себебі ал­ғаш­қы ұстаз – баланы адам қылып тәр­бие­леп, күлімдеген, күнім деген, оның жүре­гіңе болашаққа мақсат қоя білуге сенім ұялататын жан.
Күнзипа Зденова
07 қазан 2019 ж. 1 411 0