Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Экологиялық акция үн қосты

Экологиялық акция үн қосты

Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебінде «Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы оқу - тәрбие үдерісіндегі білімнің сапасын арттыру» тақырыбындағы әдістемелік жұмыстың онкүндігінде«RUN! COLLECT!» экологиялық жоба аясында көңілді экологиялық акция ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты экологиялық білімімізді ортаға салу, туған жердің табиғатын аялау, жан-жануарымен өсімдігін қорғау, қоршаған ортаны ластанудан сақтау, жас ұрпақтың санасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Табиғат, жер-Ана,Отан, туған жер, атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезімін ұялататын ұлы да, қасиетті ұғымдарды сүйе білу, өсімдігімен мен жан-жануарын қорғау адамның азаматтық борышы. Экология бүкіл адамзат баласының шалыс басқан әрбір іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне атсалысатын ғылымның жаңа саласы.
Кезекті экологиялық акцияны Жас ұлан ұйымынан құрылған ерікті «Мейірім жасағы» ұйымдастырды. Аталмыш ұйым 2020 жылдан бастап мектеп жанында жұмыс істеп келеді.Аз уақыттың ішінде әрдайым қоғамға қол ұшын беруге, көмектесуге бейім жастар қаншама жалғызбасты қарттарымызға көмектесіп, батасы мен алғысын алып жүрген елгезек оқушылар.
Акция барысында мейірім жасақтары экологиялық білімдерін ортаға салып, белгіленген маршруттар бойынша қаланы қоқыстардан тазартып, қағаз,пластик, шыны сынды тұрмыстық қатты қалдықтарды ажыратып, сұрыптады.Осылайша көшеміздің тазалығына атсалысқан оқушыларымызға көше тазалап жүрген аға-апаларымыз өз алғыстарын білдірді.
Жаннұр Темірхан,
биология пәнінің мұғалімі
20 қазан 2023 ж. 452 0