Сарып ауруынан сақтаныңыз!

Сарып қоздырғышы жануарлар ағзасында өмір сүріп, көбейеді жəне сыртқы ортаға сүт, зəр шығару, төлдеу мен түсік арқылы бөлінеді. Сыртқы ортада сарып қоздырғышы көпке дейін өмір сүреді. Мысалы, суда, топырақта, шөпте үш айға дейін, ірімшікте – 70 күнге дейін, етте – 40 күн, кептірілген жəне мұздатылған өнімдерде бірнеше ай бойы өмір сүре алады. Ал жоғары температураға сарып қоздырғышы өте сезімтал келеді жəне қайнату кезінде бірнеше секундта өледі.
Адамдарға бұл ауру малдарды қарап, күтіп, баптағанда кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, ауру қоздырғышы бар ет, сүт жəне олардың өнімдерін (қайнатпай) тамаққа пайдаланудан жұғады. Сондықтан, мал иелеріне ветеринариялық-санитариялық талаптарды сақтаудың аса маңызды міндет екенін ескерте отырып, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу» қажеттігіне баса назар аударғанын қалаймыз.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық Сэбб басшысы