Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шиелі және Жаңақорған аудандарында МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесулер өтеді

Шиелі және Жаңақорған аудандарында МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесулер өтеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары аудандарда МӘМС мәселелері бойынша консультациялар өткізуді жалғастыруда. Халықпен келесі кездесулер ағымдағы жылдың 26 қазанында өтеді.

Шиелі кенті, сағат 10.00, Шиелі ауданы әкімдігінің мәжіліс залы;
Қатысушылар: Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Алдабергенов А.Ә., «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Б.Т., облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Сарманова Д.С., Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Әбілпатта А. Ә.

Жаңақорған кенті, сағат 12.00, Жаңақорған ауданы әкімдігінің мәжіліс залы;
Қатысушылар: Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Нұридинов Б. Б., «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Б.Т., облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Сарманова Д.С., Жаңақорған аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігерінің м.а. Амитов Т. А.
24 қазан 2023 ж. 399 0