Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал, Қазалы аудандарында МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесу өтеді

Арал, Қазалы аудандарында МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесу өтеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары аудандарда МӘМС мәселелері бойынша кенес беруді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 26 мамырында Арал және Қазалы аудандарында есептік кездесулер өтеді.

Арал ауданы, Арал қаласы, сағат 10.00, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
Қатысушылар: Арал ауданы әкімінің орынбасары Бержанов Кететөлеби Досымжанұлы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Бақыт Торғайбайұлы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шаймбетов Жангелді Мырзагелдіұлы, Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасының бас дәрігері Ршымбетов Марат Кубылұлы.

Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, сағат 15.00, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;
Қатысушылар: Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Тлеумбетов Дәурен Оңғарбайұлы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Исмаханбетов Бақыт Торғайбайұлы, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Шаймбетов Жангелді Мырзагелдіұлы, Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Әлішева Бақыткүл Алмамбетқызы.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі

25 мамыр 2023 ж. 343 0