Өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Үгіт-насихат жұмыстары барысында тұрғындарға тұрмыстық газды пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау және оқыс оқиға орын алған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігі жөніндегі ережелер таныстырылды.
Сонымен қатар бөлім қызметкерлері аудан орталығындағы адам көп шоғырланатын орындарда «Газдан уланудан сақтан», «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі», «От баланың ойыншығы емес» тақырыбындағы үнпарақтарын таратып, түсіндірме жұмыстарын жасады.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі