Қызылорда облысында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының VI облыстық слеті өтті
Бүгін өңірлік Антикор және білім басқармасы ұйымдастырған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жыл сайынғы облыстық слеті өтті.
Слеттің ашылуында сөйлеген сөзінде өңірлік Антикор басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков мұндай іс-шараларды өткізудің мақсаты жастарымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін нығайту болып табылатынын атап өтті.
«Баршамыздың міндетіміз - халқының мүдделерін өз мүддесінен жоғары қоятын ұрпақты тәрбиелеу, адалдық, бауырластық, адамгершілік сияқты асыл қасиеттерді бойына сіңіре білу. Біз болашақ ұрпағымызға тек тәрбие мен білім беруді ғана емес, адал еңбекті де үйретуіміз керек», - деп атап өтті А.Ашиков.
Сондай-ақ, ол қазіргі жастар бәсекеге қабілетті және дамыған мемлекет құруға аға буынның мұрагері болуға тиіс екенін айтты.
Слет барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков және Білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Қали клуб жетекшілерін алғыс хатпен марапаттап, клуб мүшесі қатарына кіргені үшін оқушыларға арнайы төс белгілер тақты.
Жастармен осындай жүйелі және уақтылы алдын алу жұмыстарының арқасында болашақта біз күшті әлеуметтік иммунитеті бар азаматтардың жаңа ұрпағын қалыптастырамыз.