Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде аяз болады

Алдағы үш күнде аяз болады

«Қазгидромет» РМК 20-23 қараша аралығындағы ауа райына болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтіледі. Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіледі.

«Кезеңнің аяғына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылыға дейін көтеріледі, Қазақстанның қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар күтілмейді», делінген «Қазгидромет» РМК таратқан хабарламада.
21 қараша 2023 ж. 222 0