8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Оңтүстік пен шығыста атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай жаңбыр, қар, көктайғақ күтіледі. Шығыс өңірлерде бұрқасын да болады.
Республика бойынша тұман, желдің күшеюі күтіледі.
«Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ауа температурасы күндіз -22-24 градус аяз күтіледі. Алматы қаласында 2+4 градус жылы болады. Ауа райы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман түседі. Шымкентте көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, кей уақытта тұманды ауа райы күтіледі. Ауа температурасы 4+6 градус жылы болады», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 7 желтоқсан күні сағат 18.00-ден бастап аязға байланысты Астана қаласынан шығатын барлық республикалық жолдар жабылды.
Сурет ашық дереккөзден