«Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару»
«Міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу (есепке жазу) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару және олар бойынша өндіріп алу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы №525 қаулысына сәйкес, Мемлекеттік корпорацияға қате аударылған міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару жөніндегі функция жүктелген.
Қазақстан Республикасы Еңбек және Халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №76 және Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2023 жылғы 11 сәуірдегі №145/нқ бірлескен бұйрықтары шеңберінде «Электрондық үкімет веб-порталы» (ЭҮП) арқылы «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімінде «Қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарының және (немесе) өсімпұлдың сомасын қайтару» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Мемлекеттік корпорацияның екінші деңгейдегі банктерге аударған сомалардың, атап айтқанда агент қате аударылған сомаларды қайтару үшін шотты көрсеткен кезде жіберген қателік (символдарда жіберілген қателер, екінші деңгейдегі банктер міндетті зейнетақы жарналарының қайтарымдары есепке жатқызылмайтын қате арнайы шоттарды көрсеткенде және тағы басқа) себептері бойынша қайтарылуына жол бермеу мақсатында, пилоттық жоба шеңберінде қате аударылған міндетті зейнетақы жарналарын қайтаруға көрсетілген деректемелердің және бастапқы аударма жүзеге асырылған деректемелердің сәйкестігіне бақылау қойылған.
Бұдан басқа, қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ сомаларын қайтаруға қажетті құжаттарды (агенттің қате аударылған МЗЖ, МКЗЖ сомаларын қайтару туралы өтініші және салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотынан қате есептелген сомаларды есептен шығаруға келісетіні туралы нотариат куәландырған өтініші) Қағидаларға 4,5-қосымшалар)) Астана қаласы, А.Кравцов көшесі, №18 үй мекен жайында орналасқан Орталық филиалға пошта байланысы арқылы қағаз тасымалдауышта ұсынуға болады.
Сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ бұйрығымен артық (қате) төленген МЗЖ және (немесе) өсімпұлдардың сомаларын қайтару қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілді. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тарапынан аталған мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары әзірленуде.
Анар Дүйшембиева,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік орпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бойынша
Арал аудандық бөлімі маманы