Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2024 жылы Қазақстанда такси бағасы өседі

2024 жылы Қазақстанда такси бағасы өседі

Жаңа жылдан кейін мемлекеттен таксопарктерге жалға берілетін көліктер үшін субсидия тоқтатылады. Сондықтан алдағы уақытта елде такси бағасы өседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тұрғындар, әсіресе алматылықтар, бағаның шарықтап жатқанын айтып, шағымданды. Бүгінгі күні такси шақыру қолжетімсіз болып бара жатыр, дейді олар.

Алайда такси жүргізушілерінің өз уәжі бар. Күн сайын көлікті жалға алып, жанармай, таксопарк қызметі мен көліктің күнделікті шығынын алып тастағанда, өздерінің табысы 10 мың теңгеге жетпейді. Енді жаңа жылдан кейін мемлекеттен берілетін субсидия алынса, онда көліктердің құны тағы артып, тиісінше бұл жолаушылар қызметінің қымбаттауына әкеледі.

“Біз онсыз да көп табыс таппаймыз. Күнделікті шамамен 20-25 клиент апарамыз. Барлық шығынды алып тастаса, өзім күніне 7000 теңгедей ғана таза табыс табамын. Келер жылдан бастап үкімет таксопарктерге субсидия бөлуді тоқтатуы мүмкін. Сол уақытта біздің күнде жалға алып жүрген көліктеріміздің құны өседі. Сәйкесінше, такси бағасы да шарықтауы мүмкін”, – деді жүргізушілер одағының атқарушы директоры Нұркен Тәжібай.

Бүгінде жүргізушілер жалға алған көліктер үшін күніне 12000 теңгеден бастап 20 мыңнан жоғары ақы төлейді. Таксопарк көліктерін мініп жүретіндердің саны мегаполис бойынша 60 пайыздан асып жығылады дейді. Әзіре бұл ақпарат туралы нақты шешім шыққан жоқ. Сондықтан такси жүргізушілерінің жайы қалай шешілері алдағы уақытта белгілі болмақ.

Сурет: smi24.kz
15 желтоқсан 2023 ж. 218 0