Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыртқа бағасы тұрақталады

Жұмыртқа бағасы тұрақталады

Жұмыртқаның бағасы тұрақты болады. Оның көтерілуіне еш себеп жоқ. Бұл туралы жұмыртқа өңдірушілер қауымдастығының өкілдері хабарлады. Биыл бағаны тұрақтандыру үшін наурыз айында министрлік, құс шауруашылығы ұйымдары мен сауда желілері арасында бірлескен меморандум жасалды. Құс фабрикаларының жем-азық қорын сақтап қоюға ықпал етті.
Мемлекеттен бөлінген субсидия құс өсірушілерге егістік науқанына дейін құс басын сақтауға мүмкіндік берді. Құс жұмыртқасының қайта енгізілген субсидия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына кіретін жұмыртқаның бағасын келесі жылға дейін тұрақты ұстауға мүмкіндік береді.
Ержан Ильясов, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі департаменті директорының міндетін атқарушы:
Қуаттылығы жылына 5 млн дана жұмыртқа өндіретін құс фабрикалары өндірілген жұмыртқаға бір жұмыртқаның құнына 3 теңгеден мемлекеттік қолдау субсидия алып отыр. Оған республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге қаражат қарастырылды. Қазіргі таңда осы қаражаттың 90 пайызы игеріліп, құс фабрикалары мемлекет тарапынан субсидия алып отыр.
Максим Божко, Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының президенті:
Бағаның өсуіне еш себептер жоқ. Қазіргі өнім халықтың сұранысын өтейді. 9 айда 2 миллиард 790 миллион дана жұмыртқа өндірілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға көп. Сондықтан қазір бағаның одан әрі өсуіне ешқандай себеп жоқ.
qazaqstan.tv​​​
09 қараша 2022 ж. 385 0